Газдандыру еліміздің қай өңірлерінде жүргізіліп жатыр

17.04.2026 09:29

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асып жатыр

Аlmaty.tv

Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv 

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда. Нәтижесінде 10 елдімекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.

Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Көлеңкелі экономика: Алматыда 30-дан аса экономикалық қылмыстық іс тіркеді