Сарапшы Қазақстанның халықаралық беделінің нығаюы мен инвестициялық тартымдылығының артуы шетелдік туристердің көбеюіне ықпал ететінін атап өтті
«Туризм бюросы» ЖШС директорының орынбасары Ғазиз Төлебек 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңартылған конституцияны қолдайтынын білдірді. Оның пікірін Өңірлік коммуникациялар қызметі жазып алды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ғазиз Амантайұлы Төлебектің айтуынша, жаңартылған конституцияның қабылдануы елдегі саяси және құқықтық тұрақтылықты нығайтып, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді екен. Бұл өз кезегінде туризм саласының қарқынды дамуына да оң әсер етеді.
«Жаңартылған конституция туризм саласына инвестиция тартуға анағұрлым қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл туристік және көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуға, жеке инвесторлардың қатысуымен жаңа туристік жобаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлікті қолдау тетігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі туристік бизнестің дамуына жол ашады», – дейді ол.
Сарапшы Қазақстанның халықаралық беделінің нығаюы мен инвестициялық тартымдылығының артуы шетелдік туристердің көбеюіне ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мн осы заманғы инфрақұрылымды дамыту ішкі туризмнің де дамуына оң әсер етпекші.
«Туризм саласы соның арақсында жаңаша дамып, экономиканың маңызды қозғаушы күшінің бірі ретіндегі орнын нығайтады. Сонымен қатар, ол өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады», – деп түйіндеді Ғазиз Төлебек өз сөзін.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Конституция – балалар көзімен» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды