Мерт болғандардың денесі пәтерлерден, баспалдақтар мен дәліздерден табылған
Гонконгтағы соңғы онжылдықтардағы ең алапат өрттен қаза тапқандар саны 146 адамға дейін жеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
South China Morning Post басылымының жазуынша, мерт болғандардың денелері пәтерлерден, баспалдақтар мен дәліздерден табылған. Оқиға бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Негізгі мәліметтер:
Жексенбі күні қаралы оқиғадан еңсесі езілген қала тұрғындары өрт орнына және қаланың әр бөлігіндегі арнайы қойылған орындарға гүл шоқтарын әкеліп, марқұмдарға құрмет көрсетті. Азалы топтың кезегі Тай Во станциясына дейін 2 шақырымға созылған.
Айта кетейңа, өрт сәрсенбі күні сағат 14:51-де басталып, қысқа уақыт ішінде бесінші деңгейдегі ең жоғары қауіпті санатқа жеткен. Қою қара түтін аспанға көтеріліп, жалын тұрғын үй кешеніндегі сегіз үйдің жетеуіне жайылған. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтті