Байқауға Академия курсанттары, ерікті жастар мен киберволонтерлер қатысты
Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясында «Интернет – заң кеңістігі» атты киберқауіпсіздікке бағытталған байқау өтуде. Шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, кибергигиена мәселесіне назар аудару және интернеттегі алдын алу жұмыстарын жандандыру, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқауға Академия курсанттары, ерікті жастар мен киберволонтерлер қатысты. Жалпы саны 50-ге жуық қатысушы қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыру ісіне өз үлестерін қосты.
Байқау бес номинацияны қамтиды:
Байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама – жастардың құқықтық мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік кешенді саясаттың бір бөлігі.
Ұйымдастырушылар байқау барысында киберволонтерлердің ерекше белсенділік танытқанын атап өтті. Олар полициямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді: фейк аккаунттарды анықтайды, интернет пайдаланушыларға кеңес береді, ақпараттық науқандар мен форумдарға қатысады. Бүгінде олардың цифрлық қауіпсіздікке қосып жатқан үлесі айтарлықтай маңызды.
Сонымен қатар, байқау аясында курсанттар ондаған жалған парақшалар мен алаяқтық сайттарды анықтады. Олардың бірқатары жедел бұғатталды. Бұл – жастардың киберкеңістіктегі нақты нәтижелі жұмысын дәлелдейтін көрсеткіш.
«Цифрлық гигиена – бұл әр азамат үшін қажетті дағдыға айналуы тиіс. Бүгінгі жастардың интернет технологияларын терең меңгеріп қана қоймай, оны қоғам игілігіне пайдаланып отырғанын көру – біз үшін үлкен қуаныш. Мұндай бастамалар саналы, цифрлық сауатты ұрпақты қалыптастырады», – деп атап өтті Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин.
Оқи отырыңыз: Келушілерге күш қолданған: Оралда түнгі клуб күзетшілерінің қылмыстық әрекеттері әшкереленді