Сондай-ақ тиісті деңгейде жұмыс істемеген бірнеше адам лауазымынан шеттетілген
Бүгін бірқатар ақпарат құралдарында Атырау облысының полиция департаментінде үлкен ауыс-түйіс болып жатқаны туралы ақпарат таралған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дереккөзге сүйенсек, расымен де тәртіпті өрескел бұзып, тиісті деңгейде жұмыс істемеген бірнеше адам лауазымынан шеттетілген.
«Қызметтік-әскери тәртіпь өрескел бұзылып, тиісті бақылаудың жоқтығы мен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағанына байланысты, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүріп жатқанына назар аудартып отыр.
Дереккөз: Azattyq Rýhy
Оқи отырыңыз: Жүрегің сыздап ауырса да: Мақпал Исабекова желіде жаңа жазба жариялады