Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді
Алматыда көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер темір тұлпардардың бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасаумен айналысқан. Ішкі істер министрлігінің мамандары тексеріс кезінде жерасты цехын анықтапты. Тіркеуге заңсыз 150-ден астам көлік қойылған. Қазір заттай дәлелдемелер тәркіленіп, 17 адам ұсталған. Олардың арасында арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен делдалдар бар.
"Акционерлік емес қоғамның қауіпсіздік қызметімен бірігіп тексеру жалғасуда. Мемлекетке заңсыз әрекеттен келтірілген залал шамамен 320 миллион теңгеден асты. Алаяқтық мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Елімізде неше оқушы мектепте тегін тамақ ішеді