Іле Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды

17.07.2025 12:51

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді

стоп кадр

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, демалыс күндері Алмарасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу үшін жаңа жүйе іске қосылды. Енді автокөлік жүргізушілері алдын-ала төлем жасап, кедергісіз өте алады.

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

"Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында іске қосылды. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да орнату жоспарда бар. Бұл — келушілер үшін қолайлы жағдай жасау, әрі көлік қозғалысын реттеуге бағытталған маңызды қадам", - деп хабарлады ұлттық парктен.

Оқи отырыңыз: Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады