Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18.09.2025 15:29

Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді

https://www.instagram.com/imanbekmusic

Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық музыкант Иманбек (Иманбек Зейкенов) Латын Грэммиіне ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әнші Тайчу Элла қатысқан қазақстандық диджейдің "Quiere Techno" композициясы "Ең үздік латын электронды музыкалық орындау" номинациясына шорт-трекке енді. 

Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді. 

Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі жүлдеге ие болды. 

"Достар, мені неге бақытты деп ойлайсыңдар? "Грэмми" біздікі. Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе - Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық! – деді ол.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект 1 миллион қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін