Инклюзивті білім: Президент инфрақұрылымды дамытуды тапсырды

Almaty.tv.
Almaty.tv.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді.

"Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет. Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: БҰҰ абырой-беделі тоқырауға ұшырап, халықаралық құқықтың құндылығы төмендеп кетті – Президент