Интернет алаяқтық: Атырау облысында 400-ден аса азамат алданған

14.05.2026 14:12

Дропперлік әрекеттерге қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданған

Атырау облысында интернет-алаяқтық дерегі азаймай тұр. Жыл басталғалы 400-ден аса азамат алданған. Әккілер тұрғындарға өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, сенімге кіріп сан соқтырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал дропперлік әрекеттерге қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданған. Құзырлы орган өкілдеріің айтуынша, көп жағдайда азаматтар жеңіл табысқа қызығып немесе өзгенің өтінішіне сеніп, сан соғып қалады. Сол себепті сақшылар тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және жеке есепшот мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажет екенін тағы бір мәрте еске салды.

«Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша дропперлік әрекеттерге қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданған. Дроппер – алаяқтар заңсыз жолмен алған қаражатты өз банк есепшоты арқылы өткізуге көмектесетін адам. Көп жағдайда азаматтар жеңіл табысқа қызығып немесе өзгенің өтінішіне сеніп, қылмыстық схемаға байқамай араласып жатады», – деді Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбеталиев.

Оқи отырыңыз: Жұмыс берушілер қазақстандықтарға қосымша үш күндік демалысқа ақы төлеуге міндеттеледі