Мамандар күмәнді ұсыныстарды қалай ажыратуға және ақшаны жоғалтып алмауға болатынын түсіндірді
Интернеттен тауар сатып алып, алдын ала төлем жасағаннан кейін сатушы жеткізу, сақтандыру немесе комиссия үшін тағы ақша сұрауы мүмкін. Мұндай талаптар кейде алаяқтықтың белгісі болады. Мамандар күмәнді ұсыныстарды қалай ажыратуға және ақшаны жоғалтып алмауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала төлемнен кейін жаңа талаптар қойылса, сақ болыңыз
Fingramota.kz жазуынша, алдын ала төлем жасау өздігінен алаяқтықты білдірмейді. Интернет-дүкендер тауардың толық құнын немесе оның бір бөлігін алдын ала қабылдауы мүмкін. Ең бастысы – төлемнің мақсаты мен сатып алу шарттары бастапқыда түсінікті болуы керек.
Мәселен, сатушы тауарды броньдау үшін 10 мың теңге алып, кейін сақтандыруға тағы 5 мың теңге, одан соң сәлемдемені жеткізуге немесе тапсырысты растауға қосымша ақша талап етуі мүмкін. Әр жолы жаңа төлемді міндетті шарт ретінде көрсетіп, сатып алушыны асықтырады.
Мұндай жағдайда қосымша ақша аударуға асықпаған жөн. Әсіресе сатушы төлемнің не үшін алынатынын түсіндірмесе немесе бастапқы келісімді өзгерте берсе, бұл күмән тудыруы керек.
Ақша аудармас бұрын нені тексеру керек?
Сарапшылар мынадай сақтық шараларын ұсынады:
Ақша аударылып, тауар жеткізілмесе не істеу керек?
Егер сатушы келісілген шарттарды орындамаса, оған жазбаша талап жолдап, ақшаны қайтаруды немесе міндеттемесін орындауды сұрауға болады. Қазақстанда тұтынушының талап-арызына сатушы 10 күнтізбелік күн ішінде жауап беруге тиіс. Мәселе шешілмесе, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық департаментке жүгінуге болады.
Ал егер сатушы жалған мәліметтерді пайдаланып, ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпаса немесе тағы да төлем талап етсе, банкке және полицияға дереу хабарлаған жөн. Банк картасымен төлем жасалған жағдайда операцияны даулау мүмкіндігін де нақтылауға болады. Алайда ақшаның міндетті түрде қайтарылатынына кепілдік жоқ.
Егер күмәнді сайтта банк картасының деректерін енгізсеңіз, шотты қорғау үшін банкке хабарласыңыз.
Есте сақтаңыз: алдын ала төлем жасап қойғаныңыз үшін ғана қосымша ақша аударуға міндетті емессіз. Әр төлемнің негізін тексеріп, сатушының қысымына ермеңіз.
Оқи отырыңыз: Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды