Ірі көмір өндіруші кәсіпорын салық төлеуден жалтарған

12.09.2025 11:12

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Depositphotos

Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 13 маусымда Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды", — делінген Қарағанды облысы прокуратурасы хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Залал толық көлемде өтелуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. 

Оқи отырыңыз: Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келді