Ішкі істер министрі Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

Almaty.tv
Almaty.tv

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 33 жыл толып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, 23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Ресми дереккөзге сүйенсек, тәуелсіздік алғаннан бері 800-ден астам адам қызметтік борышын өтеп жүріп қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған. Айта кетейік, биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 33 жыл толып отыр. 

«Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, төзімділікті және өз ісіне шексіз адалдықты талап етеді. Бүгін де, бұған дейінгідей, сіздер табандылық, жанқиярлық пен антына адалдық танытып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық және жақсылық тілеймін», - деп жазған Сәденов.

Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі 2007 жылы белгіленген және жыл сайын 23 маусымда — 1992 жылы «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған күні тойланады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тәуелсіздік жылдары ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан екен. Осы аралықта шамамен 5 мың қызметкер жарақат алған.

Оқи отырыңыз: Құқық қорғау органдарының өкілдері 4120 метр биіктікті бағындырды

 

Новости партнеров