Испаниядағы теміржол апаты: Президент қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Испаниядағы теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Толедо өлкесінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Испания Королі VI Фелипеге, жақынынан айырылған отбасыларға және барша испан халқына көңіл айтты", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.