Амангелді Есбайдың айтуынша, жоғары білімі бар қызметкерлердің жолақысы 166 мың теңге
«Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда еңбек ететін ІТ мамандарының жалақысы аз. Салдарынан салада кадр тапшылығы туындап отыр». Бұл туралы Сенатта депутат Амангелді Есбай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, жыл басында Жетісу облысындағы ақпараттық технологиялар орталығанда 33 қызметкер жұмыс істесе, тамыз айына дейін олардың жетеуі өз еркімен жұмыстан кеткен.
Алматы облысында да жағдай мәз емес. 8 айдың ішінде 47 маманның 14-і жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Мәселе өзге өңірлерде де байқалып отыр. Сенатор «бұл көрсеткіш саладағы кадрлық әлеуеттің әлсіреуіне әкеледі» деп алаңдаушылық білдірді. Ол Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, аталған мамандардың жалақысын кезең-кезеңімен көтеруді сұрады.
«Ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері документолог, е-өтініш, е-лицензиялау, е-қызмет сынды жүйелердің үздіксіз қызметін қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырып отыр. Алайда олардың еңбекақысы елдегі орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Қазіргі таңда орта техникалық білімі бар қызметкерлерді орташа айлық жалақысы 118 мың теңге. Жоғары білімі бар қызметкерлердің жолақысы 166 мың теңге. Бұл еліміздегі орташы жалқыдан 45 пайызға төмен», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Есбай.
Оқи отырыңыз: Әрбір жаңа мемлекеттік қызмет көрсету ең әуелі цифрлық форматта жасақталуға тиіс – Президент