Италиялық басылымда Димаш Құдайберген жайлы мақала жарияланды

17.10.2024 08:33
dimashnews.com

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық «Pensiero» басылымы Димаш туралы «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты мақала жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп баға береді. 

«Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді. Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік», - деп жазды автор. 

Есске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалғанын жазған едік. 

Оқи отырыңыз: Алматыда таңға жуық жер сілкінісі сезілді