Мамандар тұрғындарға ескерту жасады
Иттер адамға жақын өмір сүретін жануарлар болғанымен, кейбір жұқпалы және паразиттік ауруларды таратуы мүмкін. Әсіресе қаңғыбас немесе вакцина алмаған иттер инфекция көзіне айналуы ықтимал. Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұрғындарға сақтық шараларын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың мәліметінше, иттер арқылы құтыру, эхинококкоз, лептоспироз, токсокароз және дерматомикоз сияқты аурулар таралуы мүмкін.
Олардың алдын алу үшін ең алдымен жануарлармен қарым-қатынас кезінде сақ болған жөн. Ит тістеп немесе тырнап алса, жараны дереу сабынмен және ағын сумен кемінде 15 минут жуу қажет. Жарақат жеңіл көрінген күннің өзінде дәрігерге қаралған дұрыс.
Сондай-ақ үй жануарларын ветеринарлық тексеруден жүйелі түрде өткізу маңызды. Иттерді уақытылы вакцинациялап, құрттарға қарсы өңдеп, паразиттерден қорғау қажет. Жануардың денсаулығы немесе мінез-құлқы өзгерсе, ветеринарға жүгінген жөн.
Комитет жеке бас гигиенасына да ерекше мән беруге кеңес береді. Атап айтқанда:
Мамандар ит тістеген немесе тырнаған жағдайда жараны уақыт өткізбей өңдеп, медициналық көмекке жүгінуді ескертеді. Құтыруға қарсы екпе мен иммуноглобулиннің қажеттілігін дәрігер анықтайды.
Оқи отырыңыз: Құқықтық тәртіп: Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті