Израиль мен Ираннан тағы 144 отандасымыз эвакуацияланды

20.06.2025 16:31

Қазақстан өз азаматтарына қажетті жұмысты жалғастырып жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

«ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атыраудан Дубайға ұшатын әуе рейстері уақытша тоқтатылды