2026 жылдың 31 тамызынан бастап Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталады
2026 жылдың 31 тамызынан бастап Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталады. Бұл бағдарлама арқылы қыз-келіншектер 50 млн теңгеден аспайтын ипотека, 15 млн теңге көлемінде үйін жөндеу үшін 15 млн теңгеден аспайтын несие ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Отбасы банкінің» ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, әйелдер ипотекасының бастапқы жарнасы төмен. Әйелдің атында басқа жылжымайтын мүлік болса да, бағдарламаға шектеусіз қатыса алады. Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады және тіркелген мекенжайға қойылатын талап жоқ.
«Отбасы банкінің» мәліметіне сүйенсек, үш жыл ішінде бұл бағдарлама арқылы Қазақстанда 3600 әйел баспана алған. «Ұмай» бағдарламасы бойынша несие беруге қажетті қаражатты Азия даму банкі ұсынады. Азия Банк Отбасы банкке 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы траншты аударып қойған көрінеді.
Әйелдер бағдарламаға өтінішті онлайн бере алады және үйді де онлайн таңдай алады. Ең басты талаптардың бірі – өтініш беріп отырған әйел соңғы алты айдағы ресми табысын растауы керек және отбасының бір айдағы орташа айлық табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс. Осы талаптан өткен әйелдер 14,8%-бен 50 млн теңге ипотека рәсімдей алады.
Ипотекадан бөлек, «Ұмай» бағдарламасы тұрып жатқан үйді жөндеуге де қарыз береді.
«Ұмай» бағдарламасы аясында қарыз алушы өзі тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге жеке қарыз ала алады. Жөндеуге берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге», - деп хабарлайды Отбасы банк.
Оқи отырыңыз: Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады