Jetisu Cup: Жетісу ауданында оқушылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады

Сайыс орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында өткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика күні қарсаңында Алматының Жетісу ауданында «Jetisu Cup» ұлттық спорт жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Сайыс орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында өткізілді. Жоба қазақтың ұлттық ойындарын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақты ұлттық мәдени мұраға баулуға және патриоттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

«Арқан тартыс, тұмақ ұру, бұқа тартыс және серке көтеру, асық ату сынды қазақтың ұлттық ойындарында оқушылар бәсекеге түсетін болады. Бес мектептің арасындағы тартысты көреміз. Ұлттық ойындар не үшін ұйымдастырылып отыр? «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, ұлттық құндылықтарымызды мектептен бастап жаңғыртып, жасөспірімдеріміздің бойына, қанына сіңдіріп, әрі қарай ғұрыпты жалғастыруын қалаймыз», –  деді Жетісу комьюнити орталығының басшысы Айболат Сембиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда колледж студенттері арасында спорттық сайыс өтті