Қайрат Нұртастың концертіне 40 мың көрермен жиналды

05.10.2026 14:31

Алматыда қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың шығармашылығына 20 жыл толуына орай ауқымды концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тыңдарманның сүйіктісіне айналған өнерпаз сахнада танымал әндерін шырқап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Концертке жиналған көпшілік әншінің өнеріне тәнті болды.

 «Тараздан келдік. Қайрат Нұртасты бұрыннан танимыз, тыңдаймыз. Бала кезде хит еді, әлі де хит. Қайраттың нашар әні жоқ қой. Біз үшін "Мейлі", "Ол сен емес" – бәрі керемет», – деді Тараз қаласының тұрғыны Азамат Асқарұлы.

«Қайрат Нұртастың концертіне бірінші рет келіп тұрмын. Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Маған ұнайтын әндерін орындап жатыр. Керемет кеш!», – деді Алматы қаласының тұрғыны Алина Тойбай.

«Концерт өте керемет өтіп жатыр», – деді Алматы қаласының тұрғыны Бақтияр Гаитов.

Кеш қонақтарының қатарында Еңлік, Принц, Жанар Дұғалова және «Калифорния» тобы да болды. Әрқайсысы Қайрат Нұртаспен дуэт орындап, кештің көркін одан әрі қыздыра түсті. Мерекелік іс-шараға еліміздің әр өңірінен 40 мың көрермен жиналды.

Оқи отырыңыз: Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Толық көрсету