Бүгінде Жетісу облысында денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында 27 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр
Жетісу облысының Ұмтыл ауылының тұрғындары қайтарылған активтер есебінен ауызсумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жетісу облысы Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған орталықтандырылған ауызсу жүйесінің ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан прокуроры мен әкімі, жұртшылық өкілдері, ауыл ақсақалдары мен құрметті тұрғындар қатысты.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 500 тұрғыны орталықтандырылған ауызсумен толық қамтамасыз етілді.
Аталған нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, тасымалданатын суды пайдалануға деген қажеттілікті жойды.
Бүгінде Жетісу облысында денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында 27 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр.
Аталған жобалардың іске асырылуы Жетісу облысының прокуратурасының бақылауында.
Оқи отырыңыз: Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегідей түрленді