Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында су тарату стансасы іске қосылды
Жаңа жоба 1,1 миллиард теңгеге қаржыландырылған
Қызылорда облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен су тарату стансасы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жаңа жоба 1,1 миллиард теңгеге қаржыландырылған. Жаңақорған ауданында халық саны көбейгендіктен қосымша станса салу көптің тілегі еді. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған нысан соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталды.
Айта кетейік, Президент пәрменімен Сыр өңірінде мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен бүгінге дейін 31 жоба іске асты. Аталмыш бастамаларға 45 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.
«Бір жылдай болды «МАИ» бекеті ауданының тұрғынымын. Су мәселесі көп көтерілген болатын. Бұған дейін әртүрлі құдықтардан, орталықтан тасып іштік суды. Қазір енді ауыз су келіп қуанып жатырмыз. Тұрғындар дән риза», – деді Жаңақорған кентінің тұрғыны Нұрмұқасан Әуезхан.
Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында заманауи балабақшалар пайдалануға берілді