Референдумға дейін:
15
күн
0
сағат
31
минут

Қайым Мұхамедханов –110 жыл: Алматыда Абайтану дәрісханасы ашылды

Жиынға жазушының балалары мен зиялы қауым өкілдері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына биыл 110 жыл. Осыған орай Алматыда қайраткердің қазақ руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеуге арналған халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Сондай-ақ Абай атындағы Педагогика университетінде «Қайым Мұхамедханов атындағы абайтану дәрісханасы» салтанатты түрде ашылды. Жиынға жазушының балалары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуда АҚШ, Түркия, Татарстан секілді елдерден келген ғалымдар Абай мұрасын заманауи бағытта жан-жақты талдады.

«Қайым Мұхамедхановтың рухы – қазақ рухының үлкен бір бейнесі ретінде елестейді. Бұл кісінің тағдыры ерекше. Қазақ рухына сіңірген еңбегі де орасан зор. Бүгінгі аудитория қазақ рухының жаңғырған бір бейнесі ретінде елестейді», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.

Оқи отырыңыз: Күл астындағы көз: Сәбит Әбдіхалықтың тарихи-психологиялық романы жарық көрді

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров