Қаңтардағы көктем: мамандар Алматыда неге күн жылып кеткенін түсіндірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Боран бұрқырап, қар жауып, қаланы құрсауына алатын қаңтар биыл ерекше. Өйткені, қазір Алматыда күн райы көктемдегідей болып тұр. Синоптиктер кейінгі күндері шаһарда ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Ал алдағы үш тәулікте қатты суық күтілмейді деп болжап отыр. «Қазгидромет» елімізде 13-15 қаңтар аралығында 38 градусқа дейін аяз болатынын ескертеді. Алматыда қарлы боран бола ма? Жалпы қыста күн райының жылы болуы қаншалықты қалыпты жағдай?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы Дәулет Кисебаев жауап береді.

Дәулет мырза, Алматы қаласында алдағы күндері ауа райында өзгеріс бола ма?

«Алдағы үш күнде Алматы қаласында ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. 15 қаңтарда кешке жауын жауады. Жаңбыр қарға ұласады. Кей уақыттарда тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы біраз төмендейді. Түнде 0 градус шамасынан 1-3 градус аязға дейін, күндіз 6-8 градустан 1-3 градусқа дейін төмендейді. Алдағы сенбі, жексенбі күндері Алматы қаласында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Алматы қаласында жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр қарға ұласады, кей уақытта тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде төмендейді. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, күндіз 0, -5 градус аяз болады».

– Биыл қыс мезгілінде қар аз жауды, иә? Қазір күн райы жылы болып тұр. Бұл немен байланысты? Бұрын-соңды мұндай жағдай тіркелген бе?

«Биылғы қаңтар 31-желтоқсан түнде жаңбырмен басталып, арты қарға ұласқан болатын. Ортаңғы тропосферада оңтүстік-батыстан келіп түскен ауа ағындары басым болды, яғни Иран, Түркіменстан, Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа ағындарына байланысты біздің аймақта қар аз жауды және ауа температурасы әзірше айтарлықтай жоғары болып тұр. Қаңтар 2000, 2002, 2007 және2014 жылдара жылы болған. Ауа температурасы 2002 жылы +18 градус, 2014 жылы +12 градусқа дейін көтерілген».

– Яғни, осылай күн райының қаңтарда жылып кетуі қалыпты жағдай ғой? Бұрындары мұндай болған, таңқалудың қажеті жоқ дейсіз ғой?

«Жоқ. Жоғарыда жаңа айтып өткендей 2002, 2000, 2007 және 1983 жылдары қаңтар жылы болды».

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 30–38 градусқа дейін аяз болады

Новости партнеров