Қазір кішкентай жолбарыстар едәуір өсіп, ширап қалған
Қарағанды хайуанаттар бағында Мия мен Батыр есімді амур жолбарыстарының екі күшігі дүниеге келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Еkaraganda.kz басылымы жазғандай, кішкентай жолбарыстар 30 сәуірде туған. Алайда хайуанаттар бағының қызметкерлері оларды осы уақытқа дейін келушілерге көрсетпеген.
Мамандардың айтуынша, бұл – қалыпты тәжірибе. Жаңа туған жануарлар алдымен ортаға бейімделіп, анасының қасында әлденіп алуы керек.
Жолбарыс күшіктерінің бірі – ұрғашы, екіншісі – еркек. Мия мен Батыр үшін бұл – екінші ұрпақ. Туған кезде олардың салмағы небәрі 450 және 530 грамм болған. Мысық тұқымдастардың өзге өкілдері сияқты, жолбарыс төлдері де жарық дүниеге көзін аша алмай, әлсіз күйде келеді.
Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, шөнжіктер шала туған. Сондықтан алғашқы апталарда олардың жағдайы ветеринарлар мен мамандардың жіті бақылауында болған.
Қазір кішкентай жолбарыстар едәуір өсіп, ширап қалған. Салмағы екі келіден асқан төлдер біртіндеп қоршаған ортаға үйреніп, белсенді бола бастаған.
"Тәбеті жақсы, өздері де, аналары да жақсы сезінеді. Бойы өсіп, салмағы артты, жүні де қалыңдай түсті", – дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
Оқи отырыңыз: Елімізде ана өлімі 43 пайызға төмендеді - ДСМ