Сондай-ақ 11 адам жараланды
Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Мойынты стансасындағы кафеде газ баллоны жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің мән-жайын жариялады.
Ведомство мәліметінше, 300 шаршы метр аумаққа таралған өрт толығымен сөндірілді.
«Газ баллонының жарылуының алдын ала себебі - газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы», - дейді құтқарушылар.
Бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылып, төбесі опырылып түскен. Үйінділер тазартылуда.
Алдын ала мәлимет бойынша бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылып, шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциилары құлаған. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жаңартылған ақпарат бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, жарақат алған он бір адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар зақымданған құрылыстарды тексеріп, қайта тұтанудың алдын алу шараларын жүргізуде.
Оқи отырыңыз: Базарларда жалған мөр соғып, ет сататындарға жаза күшейеді