Вахталық ауысымнан шыққан 30-ға жуық адам жарақат алды
Қарағанды облысында жұмысшылар мінген автобус аударылып, 30-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv
Жол апаты Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Вахталық ауысымнан шыққан 50-ге жуық адамның 30-ы түрлі жарақат алды. Апаттар медицинасы орталығы мамандарының көмегімен олар облыстық ауруханаға жеткізілді. Тіпті үш жолаушы Төтенше жағдайлар қызметінің арнайы тік ұшағы арқылы облыс орталығына әкелінген. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа дейді. Апат себебі әлі де анықталып жатыр.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ” ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылды», - деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Мадияр Ажаков.
Оқи отырыңыз: Жол қауіпсіздігі: Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты