Елдімекендердегі дүкендерде алкогольдік өнім мүлде сатылмайды
Қарағанды облысындағы 70-тен аса ауыл арақтан түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv
Өңірде «Ішімдіксіз ауыл» жобасының көкжиегі кеңейіп келеді. Елдімекендердегі дүкендерде алкогольдік өнім мүлде сатылмайды. Той –томалақ та шарапсыз өтеді. Ащы судан сап тыйылған ауылда қазір оң өзгерістер өте көп. Жастардың дені спортқа бет бұрған. Соңғы жылдары ешқандай тәртіп бұзушылық пен тұрмыстық қылмыс тіркелмеген. Жоба аясында ауыл ақсақалдары мен полиция қызметкерлері күш біріктіріп, ішімдіктің таралуына қарсы күрес жүргізіп жатыр.
«Ішімдіксіз ауыл жобасы» жүзеге асқан елдімекендерде соңғы жылдары қылмыс деректері нөлге дейін төмендеген. Кейбір ауылдар да бір жыл емес, тіпті бірнеше жыл қатарынан заңбұзушылық тіркелмеген. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша мас күйінде жасалынған қылмыс саны облыс бойынша 17,8 пайызға төмендеген. Жобаның негізгі мақсаты – ішімдіктің таралуын шектеу, қылмыстың алдын алу және халықты салауатты өмір салтына көшіру», – деді Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Дәурен Ибраев.
Оқи отырыңыз: Ең төменгі жалақы көтеріле ме: Үкіметте көрсеткіштер пысықталып жатыр