Қаржы жымқырған: қылмыстық топты ұйымдастырған Қостанай тұрғыны сотталды

Топтың тағы 14 мүшесіне 6 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет субсидиясын жымқырған қылмыстық топты ұйымдастырған Қостанай тұрғыны 14 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек, топтың тағы 14 мүшесіне 6 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар ірі қара малды сатып алу және одан алынған өнімді қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған рәсімдеу арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында субсидияны жүйелі түрде алып отырған. Заңсыз алу схемасын жүзеге асыру үшін олар Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және ветеринариялық мамандармен келісімге келген екен. Осы әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

«Түскен қаражаттар жалған жеткізілген мал үшін төленгендей көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін жалған өнім үшін төлем ретінде бақылаудағы ұйымдардың шоттарына қайта аударылған. Іске заңды түр беру мақсатында жалған бухгалтерлік құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде субсидия алуға қайта өтінімдер беріліп отырған», деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алаяқтардың жаңа айласы: баспана аларда нені білу керек

Новости партнеров