Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған
Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сыныпта оқитын оқушы мектеп қабырғасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сыныбының оқушысының жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.
Оқушының денсаулығының күрт нашарлағаны туралы әкесіне жедел хабарланды. Баланың анасы бөлек тұрады. Оқиға болған сәтте оқушының қасында әжесі болған, ол – осы мектептің география пәнінің мұғалімі, – деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасында.
Оқи отырыңыз: Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар елден айыппұлсыз шыға алады