Елде жыл басынан бері самокат жүргізушілерінің кінәсінен 47 жол оқиғасы тіркеліп, 10 бала қаза тапқан. Осыған байланысты бүгіннен бастап электрлі көлік құралын пайдалануға қатысты талаптар күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Самокат жүргізушілеріне тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге тыйым салынады. Олар велосипед жолымен қозғалуы тиіс. Ол болмаған жағдайда, жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етіледі.
«Мұндай көлік құралдарын пайдаланушылардың өздері де жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуде. Электрсамокат жүргізушілерін көлік қағып кетудің 145, мопед жүргізушілерін 82, шағын электр көлік құралдарын басқарушыларды қағып кетудің 52 дерегі тіркелген. Бұл оқиғалар салдарынан төрт адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Бұл көрсеткіштер жолдағы қауіпсіздік қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібіне байланысты екенін көрсетеді», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Саян Әбденов.
Оқи отырыңыз: Алматыда балалар спорт мектептерінде тегін жаттыға алады