Қазақ мемлекеттік циркі сахнасында әлемнің 20 елінен келген лауреаттар өнер көрсетуде

17.08.2026 15:23

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің аясында ауқымды гала-шоу басталды

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің аясында ауқымды гала-шоу басталды. 23 тамызға дейін жалғасатын бағдарламада Қазақ мемлекеттік циркінің сахнасында әлемнің 20 елінен келген лауреаттар өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрермендер назарына әуе гимнастикасы, акробатика, жонглерлік және жануарлар үйрету сияқты сан түрлі жанрдағы күрделі қойылымдар ұсынылады. Сахнада Ресей, Беларусь, Мажарстан, Түркия және өзге де мемлекеттердің өнерпаздарымен бірге, отандық қазақ мемлекеттік циркінің шеберлері өз өнерлерін ортаға салды.

«Алматы циркінде шілде айында көрермен назарына ұсынылған фестивальдің үздік нөмірлерінен құралған гала-шоу өтіп жатыр. Қазір манежде фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, лауреаттары және арнайы жүлдеге ие болған өнерпаздар өнер көрсетуде. Биыл оған қатысқан елдер саны да көп. Қазір тоғыз елдің өкілдері өнер көрсетіп жатыр. Бұл көрермендер үшін өте қызықты деп ойлаймын», – деді «Almaty Circus Festival» режиссері Марина Редько.

Оқи отырыңыз: Ұлттық спорттан халықаралық жарыстарға дейін: Алматыда Спорт күні қалай аталып өтті

Толық көрсету