Қазақстан еркін күрестен халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

28.08.2026 14:38

Отандастарымыз жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды

United World Wrestling

Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, отандастарымыз жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды.

79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтыннан алқа тақты.

Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Мерей Базарбаев (61 келіге дейін), Мағжан Жаңырбай (86 келіге дейін), Нұрдәулет Бекенов (97 келіге дейін), Әлімжан Сәлімжан (125 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Оқи отырыңыз: Алматыда рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып жатыр

Толық көрсету