Қазақстан Еуропалық конвенцияны ратификациялады

23.09.2026 18:30

Қазақстандық тергеушілер шетелдегі тергеу әрекеттеріне бақылаушы ретінде қатыса алады

Almaty.tv

Қазақстан басқа елдерден қылмыстық істер бойынша көмек сұрата алады. Құрылтай өзара құқықтық қолдау туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құжатта күдіктінің шетелдегі шоты, мүлкі немесе құжаттары тергеуге қажет болса, құқық қорғау органдары шетелдік әріптестеріне жүгіне алатыны жазылған. Одан бөлек, заңсыз шығарылған активтерді іздеу, оларға тыйым салу және тәркілеу бойынша да құқықтық көмек сұратуға мүмкіндік бар. Тіпті қазақстандық тергеушілер шетелдегі тергеу әрекеттеріне бақылаушы ретінде қатыса алады.

«Дегенмен, егер сұрау салынатын тарап өтінішті саяси қылмыс немесе оны орындау егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне басқа да маңызды мүдделеріне нұсқан келтіру мүмкін деп есептесе, көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкін», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді

Толық көрсету