Қазақстан ғылымы: жас зерттеушілерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр
2023–2026 жылдар аралығында 803 жас ғалым қоныс тойын тойлады
Елімізде ғылымға бет бұрып, ел дамуына үлес қосып жүрген жас ғалымдар көбейді. Бес жыл бұрын мамандар саны 7 мың 525 болса, былтыр бұл көрсеткіш 13 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәйкесінше, оларды қолдау шаралары да тиісті деңгейде жалғасып жатыр. 2023–2026 жылдар аралығында 803 жас ғалым қоныс тойын тойласа, оның 660-ы Отбасы банкінің тетіктері арқылы үй сатып алған. Тағы 143 алматылық ғалым тегін баспанаға қол жеткізіпті.
Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, жыл сайын 250 жас маман әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар елімізде заманауи зертханалар ашылып, шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ғылым қоры, университеттердің инновациялық экожүйелері және өндірістік серіктестер арқылы жас зерттеушілердің өз жобаларын жүзеге асырып, технологиялық компаниялар құруына мүмкіндік жасалуда.
Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 21,7 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты