Қазақстан қор биржасы цифрлық активтерге арналған жаңа платформаны таныстырды

11.06.2026 18:29

Жаңа жүйе қаржы құралдарын цифрлық форматта шығарып, оларды сатып алу-сату, есепке алу және есеп айырысу үдерістерін бірыңғай жүйе арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік бермек

Алматыда Қазақстан қор биржасының алаңында цифрлық қаржы активтерін шығару және олардың айналымын ұйымдастыруға арналған заманауи платформа таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жаңа жүйе қаржы құралдарын цифрлық форматта шығарып, оларды сатып алу-сату, есепке алу және есеп айырысу үдерістерін бірыңғай жүйе арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Қор биржасы басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, бұл жоба қаржы операцияларының ашықтығын арттырып, мәмілелерді іске асыру уақытын едәуір қысқартуға жол ашады.

«Алдағы уақытта осы платформа қаржы құралдарымен тәулік бойы, аптаның 7 күні үздіксіз жұмыс істеуге жол ашады. Соның нәтижесінде шетелдік инвесторлар үшін нарыққа қолжетімділік кеңейеді. Қазір цифрлық платформа іске қосылудың соңғы кезеңінен өтіп жатыр. Жоба толық іске асқаннан кейін қаржы нарығында цифрлық активтер жүйесінің қалыптасуына негіз болады», – деді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Михаил Гришко.

Оқи отырыңыз: Әскерден оралған азаматтар екі ай несие төлемейді