Қалбатау-Майқапшағай тас жолы көліктердің қатынуы мен жүктердің ағынын қабылдауға дайын
Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан «Майқапшағай» өткізу пунктіне баратын жол қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміздің шығыс өңірін басып өтетін күре жолға Президенттің тапсырмасымен ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілген магистраль Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы транзиттік байланысты нығайтуға бағытталған. Ол – Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің мағызды буыны.
Бұл – елдегі ең ірі жобалардың бірі. 415 шақырым жаңа жолды төсеуге 2 мыңға жуық маман тартылған. Инженерлер сапаға үлкен мән берілгенін айтты. Бүгінгі таңда Қалбатау-Майқапшағай тас жолы көліктердің қатынуы мен жүктердің ағынын қабылдауға дайын.
Оқи отырыңыз: Алматының Наурызбай ауданында 37,7 шақырым жол жөнделіп, жаңа тротуарлар салынады