Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтады

07.10.2026 11:42

Келісім аясында әскери мақсаттағы өнімді екі елдің бір-біріне жеткізуі көзделіп отыр

Аlmaty.tv

Құрылтай 2023 жылғы 29 қарашада Белград қаласында жасалған Қазақстан мен Сербия Үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжат Қазақстан мен Сербия арасында тең құқылық негізінде және екі елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты бекітуге және дамытуға бағытталған.

Келісім аясында әскери мақсаттағы өнімді екі елдің бір-біріне жеткізуі көзделіп отыр. Оған қару-жарақ пен әскери техника, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, ынтымақтастық барысында әзірленген немесе берілген зияткерлік қызмет нәтижелері, соның ішінде оларға арналған айрықша құқықтар, әскери-техникалық саладағы ақпарат пен құжаттама жатады.

Келісімді ратификациялау Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға тиіс.

Оқи отырыңыз: Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады

Толық көрсету