Сондай-ақ сот үкімімен өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды
Павлодарда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы филиалының екі басшысы пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
7 жылға темір торға қамалғандар Ақсу-1 стансасындағы электрмонтаж жұмыстары бойынша қабылдау актілеріне қол қою үшін мердігерден ақша талап еткен. Ал төлем жасалмаса, жұмыстарды тоқтатамыз деп қорқытқан. Тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, олар былтыр ақпан айынан сәуірге дейін 2,5 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырған. Алайда көп ұзамай, аталған жағдай толық дәлелденіпті. Сот үкімімен «басшылардың» бас бостандығы шектеліп қана қоймай, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Оқи отырыңыз: Еріп кетеді: алматылық оқушы қоршаған ортаға зияны жоқ биопакет ойлап тапты