Президент Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты Жарлыққа қол қойды

28.08.2026 11:03

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің өкілеттігін доғару туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл шешім жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қабылданды.

Жарлыққа сәйкес, Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет өз міндеттерін атқара береді.

Президент Жарлыққа 2026 жылғы 28 тамызда қол қойды. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес шығарылды.

Оқи отырыңыз: Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады

Толық көрсету