Қазақстанда 1 млн-нан астам адам ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларын үйренуде

26.06.2026 11:53
Depositphotos.com

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депуттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе»,— деді Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Елімізде ұлттық жобалар аясында жүздеген әлеуметтік нысан салынды