Ұлттық статистика бюросы түрлі мамандық иелерінің жалақысын жариялады
2026 жылы Қазақстанда 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 58,4%-ға жетті. Ал айына 100 мың теңгеге дейін табыс табатындардың үлесі 2,3%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметкерлердің жартысынан астамы 300 мың теңгеден жоғары жалақы алады
2026 жылғы сәуірде жүргізілген іріктемелі зерттеуге ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін 3,38 миллион қызметкер қамтылды. Оның 48,1%-ы – ерлер, 51,9%-ы – әйелдер.
Зерттеу нәтижесі бойынша жалақы мөлшері жоғары санаттарға ауысу үрдісі байқалған. 2025 жылмен салыстырғанда:
Кәсіптік топтар бойынша да атаулы жалақының өскені байқалады. Ең жоғары өсім өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сабақтас кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерде тіркелді. Олардың жалақысы бір жылда 13,1%-ға артқан. Ал өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға өскен.
Қай мамандық иелері қанша жалақы алады?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы ұйым басшыларының орташа айлық есептелген жалақысы 1 миллион 101,1 мың теңгені құрады.
Инженерлік-техникалық мамандар арасында инженерлер айына орта есеппен 702 мың теңге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер 645 мың теңге, инженер-технологтар 617 мың теңге, инженер-энергетиктер 615,1 мың теңге жалақы алған. Ал техниктердің орташа айлық жалақысы 314,7 мың теңге болды.
Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық есептелген жалақысы 491,4 мың теңгені құраса, фармацевтер 347,7 мың теңге, фельдшерлер 313,6 мың теңге, мейіргерлер 264,6 мың теңге алған.
Басқа кәсіптер бойынша көрсеткіштер мынадай:
Жалақы көрсеткіштері қалай есептеледі?
Ұлттық статистика бюросы зерттеуді жыл сайын 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша жүргізеді.
Зерттеуге есепті жылдың сәуір айын толық жұмыс істеген қызметкерлер ғана енгізіледі. Осы айда жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке алынбайды.
Есептелген жалақы құрамына қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдары кіреді. Сондықтан көрсетілген сомалар қызметкердің қолына алатын таза жалақысымен бірдей болмауы мүмкін.
Сәуір айының таңдалуы халықаралық ұсынымдарға негізделген. Бұл маусымдық сыйлықақылар мен еңбек демалысына байланысты төлемдердің көрсеткіштерге әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда түйе сүтіне арналған стандарт әзірленді