Өзгерістер пайдаланушылар үшін рәсімді жеңілдетуге, өз бетінше орындалатын әрекеттер санын қысқартуға және ақпараттық қауіпсіздік тетіктерін күшейтуге бағытталған
9 қазаннан бастап жеке тұлғалар абоненттік құрылғыларды тек цифрлық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы верификациялай алады. Жаңартылған рәсім қажетті мәліметтерді автоматты түрде алуды және азаматтардың дербес деректерін қосымша қорғау мақсатында міндетті бейне сәйкестендіруден өтуді көздейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамынан хабарлағандай, енді барлық негізгі әрекеттерді eGov Mobile қосымшасы мен https://portal.imei.gov.kz порталы арқылы бір терезе қағидаты бойынша орындауға болады. Өзгерістер пайдаланушылар үшін рәсімді жеңілдетуге, өз бетінше орындалатын әрекеттер санын қысқартуға және ақпараттық қауіпсіздік тетіктерін күшейтуге бағытталған.
Бұған дейін верификациядан өту үшін азаматтар басқа цифрлық ресурстарға өз бетінше жүгініп, қосымша құжаттарды алып, өтінім берген кезде оларды жүйеге жүктеуі қажет болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы анықтаманы vmp.gov.kz порталында бөлек тапсырыс беру арқылы алу керек еді. Енді қажетті мәліметтер мемлекеттік жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы аясында автоматты түрде алынады. Азаматтарға бұл анықтаманы басқа сервистен өз бетінше алып, жүктеп, қайта тіркеудің қажеті жоқ.
«IMEI-ді верификациялауға өтінім» қызметін пайдалану үшін жаңартылған тәртіпке сәйкес мына әрекеттерді орындау қажет:
Жаңартылған рәсімде өтініш берушінің міндетті бейнесәйкестендіруден өтуі қарастырылған. Бұл шара азаматтардың дербес деректері мен электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) олардың хабарынсыз және келісімінсіз үшінші тұлғалардың пайдалануы, сондай-ақ өтінім беру кезінде қалыптан тыс жағдайлардың анықталуы ескеріліп енгізілді.
Бейнесәйкестендіру өтінімді верификация рәсімі жүргізіліп жатқан азаматтың өзі беріп отырғанын қосымша растауға мүмкіндік береді. Басқа тексеру тетіктерімен бірге бұл шара дербес деректерді заңсыз пайдалану және өзге адамның атынан верификация рәсімдеу тәуекелдерін азайтады.
Сонымен қатар техникалық жұмыстар аяқталып, қосымша қорғаныс шаралары енгізілгеннен кейін жеке тұлғалар үшін кейбір телефон құрылғыларын верификациялау қайта басталады. Уақытша шектеу тек верификация рәсіміне қатысты болды. Бұл модельдегі смартфондар Қазақстанның ұялы байланыс операторларының желілерінде еш шектеусіз жұмысын жалғастырды.
Рәсімнің жаңартылуы қызметті пайдаланудың қолайлылығы мен қосымша қорғаныс шараларын біріктіреді: қажетті әрекеттер мен деректер алмасу бір цифрлық кеңістікте жүзеге асырылады, ал тұлғаны растау азаматтардың дербес деректерін заңсыз пайдалану тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
Верификациядан өту бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар сервисте пайдаланушыларға арналған нұсқаулық пен «Сұрақ-жауап» бөлімі қолжетімді.
Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Телекоммуникациялар комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «ATS Mediafon KZ» ЖШС бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Оқи отырыңыз: МӘМС төлемей қалай тегін тексерілуге болады