Қазақстанда алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қатаңдауы мүмкін

27.10.2026 21:36

Сот орындаушылары олардың такси қызметі, тауар жеткізу және интернет платформалары арқылы тапқан кірісін де тексере алады

Қазақстанда алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қатаңдауы мүмкін. Биыл 9 айда бала алдындағы міндетін орындамаған азаматтарға қатысты 991 қылмыстық іс қаралып, оның 356-сы сотқа жолданған. Ал 3 мың 477 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Ол бұдан былай алименттен жалтарғандардың табысын анықтауға басымдық берілетінін де жеткізді.

Атап айтқанда, сот орындаушылары олардың такси қызметі, тауар жеткізу және интернет платформалары арқылы тапқан кірісін де тексере алады. 

Оқи отырыңыз: Құқықтық тәртіпті сақтамай, елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес- Олжас Бектенов

 

 

 

 

 

Толық көрсету