Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады

07.05.2026 14:30

Әлемдік нарықта да алтын бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр

Almaty.tv

Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 7 мамырдағы деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 68 086,45 теңгеге жетті, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Әлемдік нарықта да алтын бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр. Сарапшылар мұны АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қатысты жаңалықтардың күтілуімен байланыстырады.

Алтынның спот бағасы 0,1 пайызға өсіп, бір унциясы 4 692,45 долларға жетті. Ал алдыңғы сауда күнінде бағалы металл құны шамамен 3 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар, АҚШ-та маусым айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы 0,2 пайызға өсіп, бір унциясы 4 701 доллар болды.

Оқи отырыңыз: Көктемгі аллергиядан қорғану жолдары қандай