Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалды - Тоқаев

25.12.2025 16:37

Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз халқымен кездесуі барысында халықтың реформа игілігін көріп, өзгерістің әсерін нақты сезініп отырғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

«Жаһандағы ахуалды көріп отырсыздар. Заман күрделі, болашақ бұлыңғыр болып барады. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасауда. Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр. Конституциялық реформа жасалды. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға аса маңызды түзетулер енгізілді.

Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Саяси партиялардың рөлі арта түсті. Конституциялық Сот құрылды. Азаматтарымыз стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдауға белсене араласа бастады. Бір сөзбен айтсақ, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалды.

Ең бастысы, халық реформаның игілігін көріп жатыр, өзгерістің әсерін нақты сезініп отыр. Баршаңызға мәлім, мен биылғы Жолдауымда Парламенттік реформа жасауды ұсындым. Осыған байланысты көптеген ұсыныс келіп жатыр. Біз оның бәрін мұқият зерделейміз. Бастаманы халық қолдаса, бір палаталы кәсіби Парламентті жасақтаймыз. Осындай қадам мемлекетіміз үшін пайдалы және тиімді боларына күмәнім жоқ», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент: Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті мен ерлік дәстүрі тоғысқан қала