Қазақстанда электромобильдер саны бір жылда 55,6% өсті

03.07.2026 11:31

Олардың ең көбі Алматыда тіркелген

Depositphotos.com

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі - 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.

Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді.

Оқи отырыңыз: Қайта өңдеу мен көгалдандыру: Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясында жаңа міндеттер жүктеді