Сертификат көлемі көлік құралының санатына қарай белгіленеді
Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы іске қосылады. Темір тұлпарын өткізген азаматтарға берілетін жеңілдік сертификаттарының мөлшері де белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сертификат көлемі көлік құралының санатына қарай белгіленеді. Мәселен, жеңіл автомобиль иелеріне 315 мың теңге мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Ал жолаушылар көлігіне берілетін сертификат көлемі 550 мың теңге болса, М3 санатындағы ірі жолаушылар көлігінің иелеріне 750 мың теңге сертификат беріледі. Жүк автомобильдері үшін де 550 мың теңге мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Егер ауыр жүк көлігі болса, утилизацияға тапсырған азаматтар 750 мың теңгелік сертификат ала алады.
Айта кетейік, бұл сертификаттарды ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсырғаннан кейін жаңа автомобиль сатып алуға пайдалануға болады.
Оқи отырыңыз: Астанада жүк көтергіш кран құлап, бір адам көз жұмды