Қазақстанда иммундау бағдарламасы 21 инфекцияға қарсы екпені қамтиды

23.04.2026 12:34

Тиімді әрі қауіпсіз вакциналар сатып алынады және жеткізіледі

Аlmaty.tv

Соңғы 35 жылда иммундаудың арқасында эпидемиялық паротит, А және В вирустық гепатиттері, қызылша ауруларының төмендегені байқалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сіреспе ауруының жылына 2-ден 6-ға дейінгі жекелеген жағдайлары ғана тіркеледі.

Елімізде 30 жыл бойы полиомиелит жағдайы, ал 2009 жылдан бері дифтерия жағдайы тіркелген жоқ.

Мұндай мәліметтерді ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында туралы ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Иммундық профилактика орталығының басшысы Нұршай Нұршай Әзімбаева келтірді.

Ұлттық екпе күнтізбесіне АПВ-ға (адам папилломавирусы) қарсы вакциналау енгізілді. Бүгінгі таңда 11-13 жас аралығындағы қыздар арасында 370 мыңға жуық екпе жасалды.

«Жалпы, иммундау бағдарламасы 21 инфекцияға қарсы вакцинаны қамтиды. Тиімді әрі қауіпсіз вакциналарды сатып алу және жеткізу қамтамасыз етіледі. Бұл ретте балаларды вакциналау үшін сапасына кепілдік берілген, яғни ДДСҰ сертификаты бар вакциналар қолданылады», – деді спикер.

Нұршай Әзімбаева қызылша мен көкжөтел жағдайларының көбеюі инфекцияның алдын алудағы иммундаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейтініне назар аударды.

Оқи отырыңыз: Азия жағажай ойындары: Қазақстан командасы жеңіске жетті